Фото: видеодан алынды
Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон құлады. Бұл туралы видео пайда болды. Оқиғаның мән-жайын қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы..
Ақпаратқа сәйкес, балконда адам болған. Ол темір торлардан ұстап үлгеріп, аман қалған.
“Оқиға орнына жеткенде құтқарушылар «Жарық» ПИК өкілдерімен бірлесіп, тұрғындар мен өтіп бара жатқандарға ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қауіпті аумақты қоршады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде балкондарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша одан әрі жұмыстың «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үй иелері мен ПИК жауапкершілігінде екенін атап өткен жөн. Астана қаласының ТЖД осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Сарыарқа ауданының ТЖБ-ға, Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдады”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Ведомство халықты тек тексерілген ақпаратқа сенуге және нақты деректерді алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!