Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Облыс әкімі Асайын Байханов @gulmir_ktk Instagram парақшасында қаза болған Айдос Шаймерденнің отбасына қаражат жинау туралы жазбаны көріп қалған. Әкім «отбасы неге назардан тыс қалды» деген алыпқашпа сөздер туындамас үшін көрсетілген қолдаулар туралы есеп беруді жөн санаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың сәуірінде «Майқайың-алтын» АҚ Айдос Шаймерденнің жұбайы Нұрсұлу Шаймерденге 28 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.
Осы жылдың басында құтқарушының отбасы мен ата-анасының 8 миллион теңгеден астам барлық несиелері төленді.
Менің атымнан облыс әкімдігі 2024 жылдың 1 маусымында Нұрсұлу Шаймерденге Павлодардан 4 бөлмелі пәтер сыйға тартты, өйткені, Айдостың артында 5 кәмелетке толмаған баласы қалды,– дейді облыс әкімі.
Айдос Шаймерден қайтыс болды деп танылғанға дейін отбасы оның орташа айлық жалақысын алып отырды, енді мәйіт табылғаннан кейін жұмыс беруші 10 жылдық орташа айлығының сақтандыру төлемдерін жасайды. Шаймерден отбасы алдағы уақытта да назарымыздан тыс қалмайды.
Бұл ретте әкім блогерлер мен белсенділер жариялаған жекелеген көмектерге еш қарсылығы жоқ екенін, тек теріс жаққа пайдалану нысаны болып табылмаса болғанын жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!