Қайғылы оқиға Бейнеу-Сайөтес тасжолында болды. Toyota Camry жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz-тің жазуынша, апат салдарынан көлікте болған төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі дене жарақатымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, оған медициналық көмек беріліп жатыр, «КАМАЗ» жүргізушісі жарақат алмағандықтан, медициналық көмекке мұқтаж емес», – делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!