Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға мектептің әжетханасында болған жанжал кезінде орын алған. Тиген соққыдан жасөспірім көз жұмғаны туралы ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Ауыр дене жарақатын абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғн.
Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қосымша мәліметтер жария етілмеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!