Фото: pixabay.com
Halyq Uni. Өскемен – Алматы бағытында пойыз жолаушысы қайтыс болды.
«Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі мәліметінше, 1 тамызда Сарыөзек станциясында №351 пойыз бастығы 74 жастағы ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырған.
Жолаушы жұбайымен Жаңғыз-төбе станциясынан Алматыға шыққан. Әйелінің айтуынша, ер адам демікпеге шалдыққан және арнайы ем қабылдап жүрген. Пойыз жолсеріктері жолаушылар және медицина қызметкерлерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады. Өкінішке қарай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын айтты.
Жолаушы жолсерікке жағдайын айтып, денсаулығының нашарлағанына шағымданбаған. Ұлттық тасымалдаушы жолаушының отбасына көңіл айтады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!