Оралдағы Шаған өзенінің үстіне шыққан көлік, мұз ойылып суға батып кетті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«Құтқарушылар оқиға орнына шақыру түскен соң жедел жетіп барды. Алайда көліктегі екі адамды құтқарып үлгермеді. Қайғылы оқиға 2 ақпан күні кешкі уақытта болған. Тұрғындарды қауіпсіздік ережелерді сақтауға шақырамыз. Беті ғана қатқан өзен, көл бетіне ауыр техникамен жүру қауіпті екенін ескертеміз», – делінген ТЖД хабарламасында.

Бүгін мұз астында жатқан көлік судан шығарылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!