Фото: Zakon.kz

Оралдағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 тамыз күні болды.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зашаған полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство. 

Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!