Фото: pixabay.com
Halyq Uni. Павлодарда полиция есірткі жасырумен айналысқан 19 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Жас жігіт интернет ресурстарына мониторинг жүргізу барысында анықталды. Полицейлер күдіктінің тыйым салынған заттарды жасырып жүргенін байқаған.
19 жастағы жігіттің көлігін тексеру басырында есіктен ақ ұнтақ табылды. Сараптама нәтижесінде табылған заттың синтетикалық есірткі екені анықталды. Күдіктінің пәтерін тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар полимерлі орама, қаптама материалы, таразы, полимерлі оқшаулау лентасы және бекіткіші бар пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 29 грамм. Ол синтетикалық есірткінің жаңа түрі саналады, – деп жазылған хабарламада.
Жас жігіт тыйым салынған заттарды сайт арқылы тапқанын, оны таратса, әлдекімдер көп ақша беретінін айтқан.
Күдіктінің телефонына есірткі жасырылған жер, оны қайда орналастыратыны туралы ақпарат түсіп отырған.
Бүгінде 19 жастағы жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!