2025 жылы 6 наурызда күндіз Павлодарда Бекхожин көшесі бойындағы 10 қабатты көп пәтерлі үйге жапсарлас орналасқан екі қабатты дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар баспалдақ маршымен бір адамды және өрт сөндіру сатысының көмегімен екі адамды құтқарды. ТЖМ күштері өртті шағын алаңда сөндірді», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Медициналық жедел жәрдем бригадасы ауруханаға үш адамды жеткізгені нақтыланады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!