Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ

Оқиға 24 қараша күні сағат 03:10 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерседес-Бенц маркалы автокөліктің жүргізушісі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен жүріп келе жатып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, сырғанауға жол беріп, бордюр тасқа соғылған. Әрі қарай, ол қозғалысты жалғастырып, ағашқа соғылды, – деді департаментте. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақаттармен 2005 жылы туған жас жігіт – жүргізуші мен 2008 және 2009 жылы туған екі қыз N1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Тағы бір 14 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.  Бірақ, 16 жасар қыз бала алған жарақаттар салдарынан ауруханада қайтыс болды. 

15 жастағы қыз балаға ота жасалды. Қазір ол өте ауыр жағдайда реанимация бөлімшесінде жатыр. Ал 14 жастағы баланың өміріне қауіп жоқ, – деді деді бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова.

ЖКО фактісі бойынша полиция тексеру жүргізуде.

Тексеру нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген ата-аналарға құқықтық баға берілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!