Фото: Видеодан скрин

Петропавл айналма жолындағы бөгет жарылып, Подгора ауданын су басып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Су ағыны Речпорта ауданындағы айналма жолдағы топырақтан жасалған бөгетті бұзды.

“Қазіргі таңда Подгора аймағындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Подгора мен Кожзавод аумақтарын су басып жатыр. Ондағы адамдар да эвакуацияланып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, осы сағатта 1100 адам, оның ішінде 275 бала алдын ала эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, бүгін Есіл өзенінің тасқын сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан қорғаныш жер бөгеті (Хромзауыт шағын ауданы) арқылы су тасыды. Салдарынан 114 жеке тұрғын үй су астында қалды.

Жер үйіндісі күрделі инженерлік құрылым болып табылмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!