Фото: © pixabay / Skeeze

Петропавлда жер үйден өрт шығып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 6 қазанда түнгі сағат 3.16-да болған.

Жер үй және шаруашылық нысаны өртенген. Онда 4 адам тұрған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жер үй өртеніп жатқан, – деп жазылған облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Олар үйден 3 жасар қыздың, оның 1985 жылы туған анасы мен 1979 ер адамның (көрші) денелерін алып шықты. Үйден иесін мамандар құтқарған.

Өртті сөндіруге 20 маман мен 6 техника жұмылдырылды.

Түнгі сағат 4.12-де өрт оқшауланды, сағат 5.29-да толық сөндірілді. Өрттің ауданы 84 шаршы метр болды, – деп жазылған хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!