Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Sputnik. Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақшатау елді мекенінен Қарағанды қаласы бағытында 30 шақырым жерде жол апатынан бес адам көз жұмды.
«Жеңіл көлік автобуспен бетпе-бет соқтығысқан. Автокөліктің барлық 4 жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы қаза тапты», – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Тағы 11 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!