Фото: Pixabay.com

16 тамызға қараған түні Қарағанды-Балқаш тас жолында апат болды. «Газель» мен Hyundai Elantra соқтығысуынан екі адам қаза тауып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ekaraganda.kz жазуынша, апат Спаск ауылынан екі шақырым жерде сағат 00:30 шамасында болды. Екі көлік соғысып, кюветке ұшып кетті.

«32 жастағы Hyundai жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты. 35 жастағы «Газель» жүргізушісі, оның екі жолаушысы және үш Hyundai жолаушысы ауруханаға түсті», – делінген ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!