Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің 8-қабатында алапат өрт болып, 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт Қарағанды қаласында Қазыбек би атындағы ауданның С.Мұқанов көшесінде болған. От 8-қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы түтін толған кіреберістен баспалдақ маршымен жедел эвакуациялады.

«Өрт таралуына жол берілмей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!