Фото: Polisia.kz

Қарағанды қаласында айналма тас жолда болған жол-көлік апатынан бес адам мерт болды. Облыстық полиция автокөліктер бетпе-бет соғысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Солтүстік-Шығыс айналма жолында жан түршігерлік жол апаты болды. Полиция хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарсы қозғалыс жолына шығып кеткен. Салдарынан бес адам қаза тапты. 

“Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болып, жол ережесін бұзбауға шақырады”, – деді Қарағанды қаласы полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!