«Қазақмыс» корпорациясының» бірнеше қызметкері газдан уланып қалды. Оқиға кеше, 17 желтоқсанда болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорнының бірнеше қызметкері 2024 жылғы 17 желтоқсанда «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-на жүгінді.

Оларға «тұншықтырғыш газдан жеңіл улану» диагнозы қойылды.

«Ауруханаға жатқызатындай белгілер болмады. Науқастар тұрғылықты жері бойынша әрі қарай емделуге жіберілді», – деп хабарлады ведомство.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!