KAZINFORM — 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде 15 698 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға артық, деп хабарлайды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

Жол апаттарының салдарынан 22 346 адам зардап шеккен, оның ішінде 955 адам қаза тапқан, – деп жазды бақылаушы органнан.

ЖКО-лардың басым бөлігі республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған – 1 401 жағдай. Бұл оқиғаларда 3 146 адам жарақат алып, 2 791 адам түрлі деңгейде зақымданған, 355 адам көз жұмған.

Ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы (404), Ақмола (126) және Жамбыл (121) облыстарында тіркелді.

ЖКО-ға кінәлі деп танылғандар:

Жеңіл автокөлік жүргізушілері – 12 046

Автобус жүргізушілері – 520

Мопед жүргізушілері – 438

Жүк көлігі жүргізушілері – 390

Жаяу жүргіншілер – 428

Велосипедшілер – 114

Шағын электр көліктерін басқарушылар – 58

Электр самокат жүргізушілері – 48

Апаттан зардап шеккен балалардың саны да күрт артты: жарақат алғандар 74,3%-ға өсіп, 3 185-тен 5 552 балаға жетті. Қаза тапқан балалар саны 7,1%-ға өсіп, 126-дан 135-ке дейін көбейді.

Қайтыс болғандардың көбі Түркістан (27), Алматы (17), Жамбыл (9) және Жетісу (9) облыстарында тіркелді.

Бас прокуратура азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!