Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Nayza Kokse іnstagram парақшасы таратқан мәліметке сәйкес, оқиға таңғы сағат 7:30-да жайлы мектептің жанындағы жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелінде болған.
Көлік соққысының салдарынан екі қыздың да басы жарақаттанып, миы шайқалған. Оқушылардың бірінің кеуде қуысы көгерген, ішіне соққы тиген, жамбас буыны зақымданған. Екінші қыздың қолы көгерген.
Паблик мәліметінше, көлікті тізгіндеген – бір фирманың күзетшісі. Ол түнгі сменадан шығып келе жатып, рульде көзі ілініп кеткен.
Ақмола облысының Полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсанда болған. «Ниссан Премьера» автокөлігінің жүргізушісі Қоянды ауылында жүріп келе жатып, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан екі кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!