Фото: instagram.com/alau.tv

Қостанай облысында ірі жол апаты болдыдеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 қазанда таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елді мекендерінің арасында болған.

59 жастағы TANK маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ-2112 маркалы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ көлігіндегі төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша полицейлер соталды тергеу амалдарын бастады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!