Қостанай облыстық ауруханасында дәрігерге шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Аурухана өкілдерінің айтуынша, күрделі ота аяқталғаннан кейін хирург қабылдау бөлімшесіне түсіп, кезек тәртібімен науқастарды қабылдаған. Алайда белгісіз біреу кезегін күтуден бас тартып, оған жұдырық ала жүгірген. Салдарынан хирург есінен танып қалып, ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған.
«Қазір оқиға орнында полиция тергеу жүргізіпжатыр. Бұл жай ғана оқиға емес, бұл – күн сайын адам өмірін құтқаратын мамандарға қарсы жасалған қылмыс. Біз тергеудің әділ жүргізілуін талап етеміз және медицина қызметкерлеріне құрметпен қарауға шақырамыз. Дәрігерге жасалған әр соққы – бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне жасалған соққы»,—деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!