Қостанай қаласында жалпы алаңы 290 шаршы метрді құрайтын техникалық қызмет көрсету станциясы өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау сағат 21-11-де оқшауланды. Өртті сөндіруге жеке құрамның шамамен 45 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

«Өрт сағат 22:54-те жойылды. Өрттің ауданы 291 ш.м. құрады. Себебі анықталуда. Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан көлемі 27 литр болатын 6 газ баллонын алып шықты. Құтқарушылар келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы екі зардап шегушіні ауруханаға жатқызды», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!