Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында 26 маусымда үйінен шығып, жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бойжеткеннің Әулиекөлдегі үйінен шығып, оралмағаны туралы ақпаратты еріктілер ұсынды. Кейінірек 16 жастағы қыз өлі күйінде табылды.
Аталған жайтқа қатысты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.
«Полиция 16 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді ведомство өкілдері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!