Фото: t.me/qr_tjm
Бүгін 14 сәуірде, таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі 2000 жылы туған баласымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған.
Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
«Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!