Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
30 мамырда кешке 18:45 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қайтыс болған.
Зардап шеккендер туралы
Зардап шеккендер шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.
«Қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Бастапқы медициналық тексеріс пен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда», – деді Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы орташа ауыр, 3 науқастың жағдайы тұрақты.
«Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекпен толық қамтылды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар», – деп жазылған хабарламада.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсарыдағы жанар-жағармай бекетінде болған өртке қатысты жедел штаб отырысын өткізді.
Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі
Қылмыстық іс қозғалды
Жарылысқа байланысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
«Полиция қызметкерлері дереу жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алып, жедел қызметтердің жұмысын үйлестіруге кірісті. Көліктердің қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай бақылауға алынды», – деді Атырау облысының Полиция департаменті өкілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!