SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Чуй облысындағы Кара-Балта қаласында күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды. Оқиға туралы аймақтық ішкі істер органдары хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 наурыз күні шамамен сағат 12:20-да Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау түскен. Телефон шалған әйел «күйеуімді өлтірдім» деп өзі хабарлаған.

Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қайғылы жағдай Кара-Балтадағы Космонавтов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 10 наурыздан 11-іне қараған түні ерлі-зайыптылар үйінде бірге отырып, алкоголь ішкен. Бір сәтте олардың арасында жанжал шыққан.

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам әйеліне тіл тигізіп, психологиялық қысым көрсеткен. Ашуға булыққан әйел ас үйден пышақ алып, диванда отырған күйеуінің мойын тұсына ауыр жарақат салған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Оқиғадан кейін әйел мәйітті кілемнің үстіне сүйреп апарған. Кейін мүмкін болатын ұсталуына дайындалып, заттарын жинап қойған да, ұйықтап қалған.

Таңертең ол мәйітті дәлізге жылжытып, 102 қызметіне қоңырау шалып, болған жағдайды хабарлаған.

Оқиға орнынан пышақ тәркіленіп, марқұмның денесі сараптамаға жіберілді.

1968 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!