Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысында өртенген электр жабдықтары тиелген жүк көлігі толық сөндірілді, деп хабарлайды smartnews.kz.

25 мамырда Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Қазалы ауданының Байқожа ауылының тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында фура жүк автокөлігі жануда деген хабарлама келіп түскен.

«Барлау жұмыстарын жүргізу барысында «Volvo» жүк автокөлігіне тиелген жүктің салмағы 9 тонна болатын электр жабдықтары (розетка, включатель, переноска) жанғаны анықталды. Өрт толық сөндірілді. Оған №8 өрт сөндіру бөлімінен 1 техникасымен 6 қызметкер жұмылдырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!