Бүгін, 2025 жылы 2 маусымда Қызылорда облысында «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» тас жолында жаңа көліктерді тиеген арнайы автокөлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шыққан арнайы көліктің тіркегішінде алты автокөлік болған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жедел жетіп, өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында от қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталудаә, делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!