Фото: t.me/qr_tjm
Қызылорда облысында жүк автокөлігі өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін, 24 тамызда түнде Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жүк көліктегі өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салды:
- техникалық байқаудан уақытында өткізу;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
- әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!