Фото: polisia.kz

Қызылордада 11 қойды жүк пойызы қағып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көліктегі ПД-да жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 683 фактісі тіркелді, еліміздің темір жолында 522 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелген. Оның ішінде 257 бас жылқы, 78 бас ірі қара, 86 ұсақ мал және басқалар бар. Мәселен биыл мамыр айында Қызылорда облысының Жаңақорған – 26 РЗД-де жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан.

Соқтығысу салдарынан 11 бас қой поездың астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесі болып табылатын 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында үй жануарларын жаю кезінде мұқият болуды сұрайды. Соқтығысудың әрбір дерегі пойыздың рельстен шығып кетуі және адам өлімі, тасымалданатын жүктің бүлінуі немесе жоғалуы сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін білу қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!