Фото: архив

Өрт сөндірушілер дүкендегі өртті жойды. Мамандардың жедел әрекет ету нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«112» құтқару қызметіне Қызылорда қаласындағы, Әбуов көшесіндегі азық-түлік дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Мамандардың жедел әрекет ету нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!