Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

23 наурызда Қызылорда қаласында құтқарушылар саяжай территориясындағы арыққа түсіп кеткен жылқыны құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Қызылорда қаласының «ПМК-29» саяжайындағы «Керуен» демалыс орны маңында болған. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетіп, арқанды пайдалана отырып, жылқыны арықтан аман-есен алып шықты.

«Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді. Бізге әрбір өмір маңызды!», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!