Фото: Қазақмыс
«Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Компания хабарлауынша, шахтада көміртегі газы бөлінген.
Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Екі жұмысшы қайтыс болды, – деп хабарлады компания.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасына қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Қарағанды облысы полициясы шахтада болған жағдайға байланысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жүріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!