Сурет: ҚР ТЖМ
Семей қаласында түнде алапат өрт болды. Аммиак селитрасы және химиялық ұнтақ сақталған үлкен қойма отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызыл жалын жалмаған ауданның алдын ала көлемі – 1000 шаршы метр. Қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не түрткі екені айтылмайды.
ТЖМ күштерімен сағат 3:23-те өрт оқшауланды. Сағат 5:01-де өрт толығымен сөндірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!