Фото: Су айдау жұмыстары. Видеодан кадр: qr_tjm

NUR.KZ. Семей қаласында еріген қар суы аулаларды басқан еді. Қазір ТЖМ Telegram-дағы арнасында өңірдгі жағдай туралы баянады.

ТЖМ ақпаратынша, Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілген. «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі ауладан су айдау жұмыстарын жүргізді.

«Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды», – делінген хабарда.

Қазіргі уақытта еріген қар суын сору жұмыстары аяқталған.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!