Фото: pexels

13 қазан күні Семей қаласында өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын, – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, аталған факті бойынша қолға алынған сотқа дейінгі тергеу облыс прокуратурасының арнайы бақылауына алынды.

Еске салайық, 15 шілдеде Алматыдағы қоқыс зауытында қоқыс пакетінің ішінде жаңа туған сәби табылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!