Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша көлік ішінде төрт адам болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  ақпарат агенттігі Абай облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Семей қаласы Полковничий аралы  ауданында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!