Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Шахтиск қаласында Ұлттық ұланға қарасты «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің денесі табылды. Әскери қызметкер белдікке асылып қайтыс болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 қазанда Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметшінің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол салған,- делінген Ұлттық ұлан мәліметінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!