Фото: ДЧС СКО

Sputnik. 1 маусымда елімізде шомылу кезеңі басталды. Бүгінде 70 адам суға батып кетті, оның 30-ы — балалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр 83 адам суға кетіп қайтыс болған.

«Биыл суға кеткен баланың саны өткен жылмен салыстырғанда 23-ке көп»,- деді Ақылбек Ахметжанов.

Айтуынша, судағы қауіпсіздікті қадағалау мақсатында 40 мыңға жуық рейд жүргізілді.

«Судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылады. Жыл басынан бастап жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын 9 мыңға жуық хаттама толтырылды», – деп атап өтті ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!