Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында балық аулап жүрген екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында болған. 31 және 38 жастағы екі ер адам балық аулап жүргенде қайықпен аударылып қалып, суға батып кетті. Сүңгуір-құтқарушылар іздеу жұмыстарына кірісті. Көп ұзамай балықшылардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болған жоқ.

Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию керек. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!