Фото: pxfuel

Шығыс Қазақстан облысында шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Еңбек және халықты қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды. 

«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Министрлік ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады». ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!