ШҚО-да 1 ақпан күні Күршім-Қалжыр автожолында жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Lada Granta мен Hyundai автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta-ның жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген сайт мәліметінде.
Полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!