Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда қар көшкіні жүрді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкін бүгін Алтай ауданында жүрген.

Республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнарлары» тасжолының 62-ші шақырымда өздігінен қар көшкіні жүрді. Бұл жол учаскесі қауіпсіздік мақсатында алдын ала жабылған. Түскен қардың жалпы көлемі — 1300 текше метр, — делінген ақпаратта.

Көшкіннің жүруіне қардың қалың жауып, желдің күшеюі себер болып отыр. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

Қар жолды толықтай жауып қалды. «КАЖсервис» ЖШС-ның 4 техникасы жолды тазартуға жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар қар көшкіні қаупі әлі де сақталғандықтан өңір жұртшылығына таулы жерлерге барудың қауіпті екендігін ескертті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!