Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл ақпаратты Шымкент қаласының полиция департаменті растап отыр.
Бәйдібек Еділбек 14-қаңтар күні Шымкентке көлік құжатын алу үшін келген. Түркістан облысы, Шұбарсу ауданынан қалаға досымен келіп, оны әуежайға шығарып салыпты. Содан “ауылға қарай таксиге отырдым” деп әкесімен хабарласқан Бәйдібекпен түскі 15:00-шамасында байланыс үзілген. Содан бері ұлдарын шыр-пыр болып іздеген жақындары полиция жұмысына көңілі толмағанын да айтқан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!