Sputnik. Шымкентте 24 жастағы жігіт қайғылы жағдайда қаза тапты.
Ер адамның мәйіті салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі құрылысы аяқталмаған лифт шахтасынан табылды.
Қайғылы оқиға күндіз болған, бірақ оқиға орнында жауапты ешкім болмаған. Еңбек департаменті төтенше жағдай туралы құрылыс жүргізуші компаниядан емес, полициядан білгенін хабарлады.
«Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Үмітжан Балтабаев «Айна Мэйр Хаус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты учаскеде ер адам түсініксіз жағдайда құлап, қайтыс болған. Жұмыс беруші 24 сағат ішінде инспекцияға хабарлауы керек, содан кейін комиссия құрылып, тексеру жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін бізге ешқандай ақпарат келген жоқ», – деді еңбек департаментінің бөлім басшысы Әлжан Мадалиев.
Әзірге марқұмның бұл жерде ресми түрде жұмыс істеді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.
Еңбек инспекциясы прокуратураға жоспардан тыс тексеру жүргізуге сұраныс дайындап жатыр. Ал полицейлер «Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!