Фото: Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 1 248 шаршы метр аудандағы отты сөндірген. Олар 2 500 шаршы метр ғимараттың толық жанып кетуіне жол бермеді.

Жалын толығымен өшті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!