Фото: Видеодан скрин
Шымкентте 26 сәуір күні таңғы сағат 4:30 шамасында курьер жол апатынан қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желтоқсан көшесінің бойымен келе жатқан мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеке тұрғын үйдің темір қоршауына соғысқан.
Оқиға салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
«Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!