Фото: Арман Мухатов – архив

Шымкент қаласында жауын-шашынның көп жаууы салдарынан он көшені су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Шымкент қаласында Қазығұрт шағын ауданында жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты (33.7 мм-ге дейін) жеке бір тұрғын үйді, 15 аула аумағын және 4 аудандағы 10 көшені су басқан, – делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД 31 жеке құрам адамы және 10 техникадан аса, 13-мотопомпа және ЖАО күштерімен, 10 аула аумағы мен 6 көшені айдау жұмыстары жалғасуда.

Барлығы 1620 текше метр айдалғаны белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!