ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері. Видеодан кадр: ТЖМ

БҚО-ға су тасқынының салдарын жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмектесуге Алматыдан әскери-көліктік авиациясы қызметшілері мен Маңғыстау облысынан ТЖД күштері жіберілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, осы түні Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін тасымалдауды жүзеге асырған.

«Қосымша күштер Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жоюға бағытталады», – делінген хабарда.

Сонымен қатар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!