Фото: egemen.kz
Алматыдан Мәскеуге бара жатқан жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жеңіл көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігі аударылып қалған.
Жол-көлік апаты бүгін сағат 14:00-де Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда екі көлік соқтығысты.
Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.
«Жедел жәрдем оқиға орнына барып, 1 адамды ауруханаға алып кетті. 29 жастағы ер адамға миы шайқалды деген диагноз қойылды. Ол дәрігерлерден кеңес алған соң ауруханаға жатудан бас тартты. Сонымен бірге көлікте болған 18 жастағы жігіт ауруханаға барудан бас тартты. Ал 38 жастағы ер адам дәрігерге шағым айтпады», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!